СҚО-ның есту қабілеті бұзылған актерлер театры Дубайда гран-при алды

662

Sensitive би театры Петропавлдағы "Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты" КММ базасында құрылған.

СҚО-ның есту қабілеті бұзылған актерлер театры Дубайда гран-при алды Фото: telegram @askhat_oralov_online

Солтүстік Қазақстан облысында есту қабілеті бұзылған актерлер театрының бишілері Дубайдағы хореографиялық өнер фестивалінде гран-при алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жазды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Халықаралық конкурстарда дебют жасаған облыстық түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бірнеше номинация бойынша жеңіске жетті. Атап айтқанда, "соло" (Даниал Кангожин) және "дуэт" (Евгений Кузьмин және Екатерина Воропаева) санаттарында үздік атанды.

Ал мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің аға құрамы "Вена вальсі" және "Самба" хореографиялық қойылымдарымен бірінші орын алды.

Сондай-ақ Sensitive театры қазылар алқасының да арнайы сыйлығына ие болды.

"Мен театрдың шығармашылық ұжымын және Солтүстік Қазақстан облыстық арнайы мектеп-интернатының түлектерін толайым табыстарымен құттықтаймын. Бұл – отандық инклюзивті театр мен Қазақстанның театр өнері үшін үлкен жетістік. Сонымен қатар бұл біздің ерекше қажеттіліктері бар отандастарымызды шабыттандыратын тамаша нәтиже. Бұл қандай жағдай болсын сіздің шығармашылық әлеуетіңізді жүзеге асыруға болатындығының айқын дәлелі. Театрға болашақ байқауларда шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілеймін!", - деп жазды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу