Жыл басынан азаматтық қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелерін бұзудың 562 фактісі анықталды. Полицияға қаруды өз еркімен тапсыру науқаны барысында 23 бірлік қару тапсырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша айналымынан – заңсыз сақталған 56 бірлік қару тәркіленді. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша 403 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Маусымның 13-і күні "Жол-көлік оқиғаларын – тоқтатамыз жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат бір шамасында Черуновка ауылында GREAT WALL көлігін тоқтатты. Көліктің салонында екі дана аңшылық қару болған. Оның бірі тіркелмеген. Петропавл қаласының 44 жастағы азаматына тіркелмеген ТОЗ-63, 16 калибрлі аңшы мылтығын сақтағаны үшін хаттама толтырылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 484-бабының 1-бөлігімен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік жаза арқалады. Қару сараптамаға жіберілді.
"Барлық қару иелерін қаруды сақтау ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Естеріңізде болсын, бұл заттарға жауапсыздықпен қарау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Өз еркімен тапсыру үшін учаскелік инспекторларға жүгіну қажет немесе 102 арнасына хабарласу керек", – деп атап өтті СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.