СҚО түрмесінде дәретхана қағазы арқылы есірткі өткізу әрекеті әшкереленді

165

Қылмыстық іс қозғалды. 

СҚО түрмесінде дәретхана қағазы арқылы есірткі өткізу әрекеті әшкереленді Фото: inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысында адам №51 түзеу мекемесіне психотропты затты кіргізбек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлім етті. Белгілі болғандай, сотталғандардың біріне сәлемдеме келген. Оның ішінде дәретхана қағазы да болған. Кейін бұл қағаздың белгісіз затқа шыланғаны белгілі болды.

Сараптамаға жіберілген дәретхана қағазының құрамында PVP психотропты заты бар екені анықталды. Тәркіленген заттың салмағы – 0,04 грамм.

Осы сәлемдемені жіберген адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу