СҚО жастары Вилькицк аралын металл қалдықтарынан тазалайды

772

СҚО жастары Вилькицк аралын металл қалдықтарынан тазалайды

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Арктика экспедициясына шақыру алды, деп хабарлайды egemen.kz.

Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округінің ЖОО-дан келген делегация экологиялық экспедицияның мақсат-шарттарымен таныстырды

Осыдан 5 жыл бұрын басталған экологиялық қозғалысқа  Ресей, Австрия, Болгария, Украина, Қытай және Куба елдерінен 160-тан астам өкіл қатысыпты. Еріктілер Арктиканың солтүстік бөлігін ауыр металл қалдықтарынан тазартыпты. Солтүстікқазақстандық жастар шақыруды қабыл алды. 

"Солтүстік Қазақстан мен Ямал-Ненец өңірлерінің арасында ұқсастық көп. Сіздер сияқты біз де солтүстік аймақта тұрамыз. Екі тарап арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі беки түсеріне сенімдімін", - дейді Ямал-Ненец автономиялық округінің халықаралық сыртқы байланыс департаменті директорының бірінші орынбасары Сергей Урамаев.

Экологиялық экспедиция 15 күнге жалғасады. Үміткерлер экология және биология мамандықтары бойынша оқып жүрген студенттерден іріктеліп алынады. Олар экспедицияның құрамында Карск теңізінің жағалауында орналасқан, бүгінде адам  тұрмайтын Вилькицк аралының  таңғажайып тыныс-тіршілігімен танысатын болады.

Кезінде мұнда ірі өндіріс орындары болған. Осында металл қалдықтарын жинап, экологиялық тазалыққа үлес қосу–экспедицияның басты мақсаты. 

"Арктика еріктілері" жобасының жетекшісі Евгений Рожковскийдың сөзіне қарағанда, 5 жыл бойы Белое аралы қоқыстан тазартылыпты. Осылайша аралдың экологиялық паспорты барлық талаптарға сәйкестендіріліпті. Ендігі кезек – Вилькицк аралы. Онда тек тікұшақ қана қатынайтын көрінеді. Ұйымдастырушылар экспедиция мүшелерін жатын орынмен, азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Жылдың орташа ауа температурасы 10 градус суықтықтан аспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу