СҚО жолдарында жыл басынан 400-ден астам мас жүргізуші ұсталды

650

СҚО жолдарында жыл басынан 400-ден астам мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО жолдарында жыл басынан 400-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында жыл басынан 456 мас жүргізуші ұсталды. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері осындай фактілерді анықтау және жолын кесу үшін мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Маусымның 9 күні кешке Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Набережная-Хименко көшелерінің қиылысында Toyota көлігін тоқтатқан. Жүргізуші алкогольдік масаң күйде болған. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жинады. Сот 43 жастағы қала тұрғынын жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды, сонымен қатар ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Облыста жыл басынан мас жүргізушілермен жасалған 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Барлығы 96 жол апаты орын алып, оның салдарынан 15 адам қаза тапқан, 142 адам жарақат алды.

"Облыс тұрғындары мен қонақтарын жолда абай болуға шақырамыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға кеңес береміз. "Мас жүргізуші – қылмыскер!" екенін естеріңізден шығармаңыз", – деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу