“Скотчпен байлап қойған”: Шемонаихада зейнеткерді тонап кеткен күдіктілер анықталды

426

Олар 63 және 42 туған жергілікті тұрғындар болып шықты.  

“Скотчпен байлап қойған”: Шемонаихада зейнеткерді тонап кеткен күдіктілер анықталды Фото: Frontiera Rieti

Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашты. Полиция бөліміне қаланың 73 жастағы зейнеткер тұрғыны екі белгісіз адам оның үйіне кіріп, аяғын скотчпен байлап, оған дене жарақаттарын келтіріп 70 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлағаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. Тәртіп сақшылары “ізін суытпай” күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 63 және 42 туған жергілікті тұрғындар болып шықты, екеуі де бұрын ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қаскүнемдер кінәсін мойындап, қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы жасалғанын айтты.

Сондай-ақ жәбірленуші егде жаста болғандықтан оларға қарсы тұра алмайтынына сенімді болған, сөйтіп бағалы тұрмыстық техниканы үйден шығару үшін қылмыс орнына қайта оралуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу