Скриптонит ұзақ үзілістен соң жаңа альбом мен сыра шығарды

652

Сусындар музыканттың тректеріндегі фразалармен сүйемелденеді.

Скриптонит ұзақ үзілістен соң жаңа альбом мен сыра шығарды Фото: Әншінің парақшасынан

Ұзақ үнсіздіктен кейін музыкант альбом және авторлық сусын шығарып, тыңдарманын таң қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әншінің (Әділ Жәлелов) жанкүйерлері жаңа туындылар туралы таңдана айтып, Wesley’s Base "By Скриптонит" атты сыра туралы жарыса жазды.

"Біз Wesley's Base сырасын жасап шығардық. Енді сіз оны дүкендерден таба аласыз", - деп жазды Скриптонит инстагра әлеуметтік желісінде.

Айтпақшы, сусындар "Жить как я живу", "Рамок нет", "Это моя вечеринка" и "Чистый" сынды музыканттың тректеріндегі фразалармен сүйемелденеді.

Скриптонитің жаңа альбомы бұрынғы альбомдардан өзгеше. Ол бұдан былай жанкүйерлер үйреніп қалған тректердің болмайтынын айтқан еді.

Әнші қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жиі назарға алып, сынап тұрады. Жуырда ол Павлодар қаласы маңындағы ірі өндірістік қалдықтар үйіндісінің мәселесін көтерген болатын.

"Павлодар ауылының Мұсылман зиратының жанындағы ерекше қорғалатын аймақта мұнай қалдықтары мен қоқыс жиналады. Соның салдарынан үй жануарлары мен жабайы жануарлар қырылып жатыр. Ауыл әкімі бұған неге жол беріп отыр. Біз облыс әкімі мен павлодарлық экологтардан осыған қатысы барлардың барлығын жазалауды сұраймыз", - деп жазды әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу