"Славян базары" байқауы: тағы бір қазақстандық жүлделі болды

618

Бұған дейін балалар арасындағы "Славян базары" байқауында 12 жасар Шерхан Арыстан Гран-при жеңіп алған еді.

"Славян базары"  байқауы: тағы бір қазақстандық жүлделі болды Фото: Белта.ру

"Витебскідегі Славян базары" музыкалық байқауында қазақстандық әнші Құралай Мейрамбек үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды  inbusiness.kz .

Екі күндік байқау нәтижесінде армениялық өнерпаз Маша Мнджоян бас жүлде алса, бірінші орын – беларусь Самир Елчиевке берілді. Екінші орынды – ресейлік Елизавета Слышкина мен италиялық Agape бөлісті. Үшінші орынды – қазақстандық Құралай Мейрамбек және өзбекстандық Малика Хакимова иеленген.

"Славян хиті" байқауында Құралай беларусь халқының "Рэчанька" әнін шырқап, 70 ұпайдың 69-ын жинаған еді.

Байқаудың екінші күні "Әлемдік хит" сайысында Қ. Мейрамбек "Frozen 2" анимациялық фильміндегі "Into the unknown" саундтрегін орындап, 63 ұпай алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу