Отырыста екі депутат дауыс беруге қарсылық білдіруге тырысты. Олар сөз сөйлеу стендінде тұрып, Словакия туын көтерді.
"Наша Словакия" партиясының депутаттары Андрей Медвецки мен Питер Крупа елдің егемендігін АҚШ-тан қорғаудың белгісі ретінде спикердің трибунасын жауып тастап, словак туын ұстап тұрды. Бұған жауап ретінде "За свободу и солидарность" партиясының депутаттары Яна Битто Циганикова мен Мирослав Жяк олардың алдында Украина жалауымен шықты.
Кадрларда Медвецкидің бөтелкені алып, Жякаға су шашқаны, содан кейін Украина туына төккені көрінеді. Циганникова мен Жяк жалауды жинай бастағанда, "Наша Словакия" депутаттары Марек Котлеба мен Станислав Мизик оны қолынан жұлып алды. Котлеба Жяктың бетінен жұдырықпен ұрып, респираторын құлатты.
Спикер болған оқиғадан соң отырыста үзіліс жариялауға мәжбүр болды.
Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Парламентте Украинаның туына су төккен словак оппозициясының депутаты Андрей Медвецкийдің кешірім сұрауын талап етті.
"Украинаның мемлекеттік символикасына әдепсіздік танытуға жол берілмейді. Сондықтан бұл оқиғаны естіп елшілікке дереу наразылық білдіріп, оны жасаған адамның кешірім сұрауын тапсырдым. Біз мұндай әрекеттерді кешірмейміз. Егер бұл адам кешірім сұрамаса, лайықты жауап беруге мүмкіндік табамыз. Біз Словакия үкіметімен жақсы қарым-қатынастамыз және бұл оқиға Украина - Словакия қатынастарына әсер етпейді", – деді Дмитрий Кулеба.
Оқиғадан кейін Украинаның Словакиядағы елшілігі "кейбір адамдар" Украинаға қарсы агрессия қаупінің өсіп келе жатқанын түсінбейді деп мәлімдеді.
"Егер көршінің қолдауы мен қарапайым мораль болмаса, онда өзін-өзі сақтау инстинкті оларға миды аздап қосуға мүмкіндік береді", – деді дипмиссия.
Артынша Словакияның Сыртқы істер министрі Иван Корчок оқиға үшін кешірім сұрады. "Болған келеңсіздік үшін кешірім сұраймын және ұяламын", – деп жазды Facebook парақшасында.
СІМ басшысы оқиға кезінде Киевтегі келіссөздерде болғанын атап өтті. Оның айтуынша, Парламентте оппозиция мен радикалдар арасында төбелес болған.
Жақында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, словактардың 44%-ы НАТО Украинадағы шиеленістің өсуіне жауап береді деп санайды, ал тек 34%-ы Ресей кінәлі деп санайды.