Словакия Премьер-министрі Еуроодақ ескертуін елемей, Мәскеуге аттанбақшы

594

Жақында ЕО елдеріне Ресейдегі парадқа қатысуға болмайтыны туралы ескертілген. 

Словакия Премьер-министрі Еуроодақ ескертуін елемей, Мәскеуге аттанбақшы Фото: РБК

Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Калластың ескертуіне қарамастан, 9 мамырда Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери парадқа қатысатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Фицоның сөзінше, ол Қызыл армия сарбаздарының Словакияны фашизмнен азат ету жолындағы ерліктерін еске алу мақсатында Мәскеуге барады.

"Ешкім де маған қайда баруға болатынын не болмайтынын бұйыра алмайды", - деді Словакия Премьер-министрі.

Жақында Кая Каллас Еуроодақ елдеріне Ресейдегі шеруге қатысуға болмайтынын ескерткен болатын.

"9 мамырда Мәскеуде өтетін шерулерге қатысуды ЕО қатты назарға алады. Себебі Ресей Еуропада толыққанды соғыс жүргізіп жатыр. Біз бұл іс-шараларға одақтағы қандай да бір елдің қатысуын қаламайтынымызды анық айттық", - деді Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі.

Каллас Еуроодақ мүшелеріне өз өкілдерін Киевке жіберуді ұсынып отыр.

Фицоға бұл ескерту ұнай қоймады.

"Каллас ханым, мен егеменді ел Словакияның заңды премьер-министрімін. Маған ешкім де мұндай бұйрық бере алмайды", - деді Словакия үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу