Словакия премьер-министрі қастандық жасаған адамды кешіретінін айтты

175

Бірақ саяси қарсыластарды болған жағдайға әкелген араздық отын жақты деп айыптады. 

Словакия премьер-министрі қастандық жасаған адамды кешіретінін айтты Фото: BBC

Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицо қастандықтан кейін алғаш рет бейне хабарлама жазды. Ол жұмысқа қайта оралуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап. 

Премьер-министр біртіндеп маусымның аяғы мен шілде айының басында өз жұмысына  оралуға ниетті. Фицо шабуылдаушыны кешіргенін мәлімдеді.

"Мен бірінші қадамды жасаймын және бұл кешірім. Маған оқ атқан бейтаныс адамға деген жеккөрушілік жоқ. Мен оған қарсы ешқандай заңды әрекет жасамаймын. Мен оны кешіремін, ол не істегенін және не үшін істегенін өзі түсінсін", – деді шенеунік. 

Алайда ол болған жағдайға саяси қарсыластарын кінәләп, олар араздық отын жақты деді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу