Словакия украин астығын өңдеуге әрі сатуға тыйым салды

472

Украинадан алынған астық сынамаларында денсаулыққа зиянды пестицид табылды, деп хабарлады Словакияның ауыл шаруашылығы министрлігі.

Словакия украин астығын өңдеуге әрі сатуға тыйым салды Фото: dw

Словакия билігі ЕО-да рұқсат етілмеген әрі денсаулыққа зиян пестицидке байланысты елде жиналған украин астығын және одан жасалған ұнды өңдеуге және сатуға тыйым салды. Бұл туралы Словакияның ауыл шаруашылығы және аймақтарды дамыту министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның мәліметтері бойынша, Украинадан 1500 тонна бидайға талдау жасалды. Братислава химиялық қосылыстың бар екендігі туралы ЕО мемлекеттеріндегі серіктес ауылшаруашылық ведомстволарын жедел түрде хабарлайды. Сонымен қатар, Словакияда сақталған украиналық барлық астық пен ұн сынамалары алынады.

Министрлік әзірге украин астығы мен астық өнімдерін импорттауға қарсы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу