Словакия Украинаға 130 миллион еуро көлемінде әскери көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Мартин Ковал-Какашчикованың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Словакия осы күнге дейін Украинаға шамамен €62 млн көлемінде әскери көмек жіберді, сондай-ақ құны шамамен €68 млн болатын С-300 зениттік зымыран кешенін жеткізді", – деді Ковал-Какашчикова.
Еуропалық Одақ Словакияға бұл қаражатты қайтарады. Бірақ оның қандай жолмен жүзеге асырылатыны белгісіз. Қазір Братислава Брюссельмен осыған байланысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Словакия Қорғаныс министрлігінің басшысы Ярослав Надь бұған дейін ескірген кеңестік С-300-ті америкалық Patriot деп аталатын зениттік зымыран кешеніне алмастырғысы келетінін мәлімдеген болатын.
Табиғат Нұрболат