Сондықтан Роберт Фицо премьер-министр ретінде Словакия атынан Украинаның НАТО-ға мүшелігіне келісім бермейтінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Мен партия төрағасы ретінде саяси бақылауға алған депутаттар Украинаның НАТО-ға мүшелігіне ешқашан келіспейтініне көз жеткіземін", – деді ол STVR-ге берген сұхбатында.
Словакия премьер-министрі Украинаның ЕО-ға кіруіне қарсы емес екенін айтты, бірақ оның Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылуы "үшінші дүниежүзілік соғысты бастауға түрткі болатынын" атап өтті. Фицоның айтуынша, Украинадағы соғыс тек "орыстарды тізе бүктіру" үшін "батыстың қолдауының" арқасында жалғасып келеді.
Өз кезегінде Роберт Фицо сұхбатында екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына орай 2025 жылы Мәскеуге баруды жоспарлап отырғанын айтты.
"Өтінемін, руссофобияға берілуді қояйық. Қызыл Армия немесе бұрынғы Кеңес одағы туралы оң пікір білдіргенде, біз автоматты түрде Путиннің агенттері болып кетпейміз ғой", – деді Словакия премьер-министрі.