Словакияда 50 мыңға жуық адам ереуілге шықты

929

Словакияда 50 мыңға жуық адам ереуілге шықты

Словакияда бас көтерулер 1989 жылғы "барқыт көтерілісінен" бері жалғасып келеді. Наразылықтарын білдіру үшін Братислава қаласының орталық көшелеріне 50 мыңға жуық адам шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Шеруге қатысушылар ел премьер-министрі Роберт Фицоның отставкаға кетіп, жаңа үкімет құрылуын талап етіп отыр. Бұл саяси толқуға словак министрлерінің италиялық мафиямен байланысын тергеумен айналысқан Ян КуциАк есімді журналистің өлімі себеп. Ереуілді ұйымдастырған оппозиция өкілдері. Ал Словакия президенті Андрей Киска бұл бастаманы қолдайды. Бұған жауап ретінде Фицо мемлекет басшысына "төңкеріс ұйымдастырмақшы болды" деген айып тақты. Ол журналистің өлімін саяси мақсатта пайдаланбай, тергеу қорытындысын күтуге шақырған. Бірақ Словакия-Италия комиссиясы жұмысын тек келесі аптада бастайды. Сондықтан әзірге осы іске қатысты Фицоға ресми түрде ешқандай айып тағылған жоқ. Журналистің мақаласында аттары аталған екі вице-премьер қызметтерінен кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу