Словакияда бюджет тапшылығы бірден бір жарым есе өсті

442

Оған энергия ресурстары бағасының өсуі себеп болған.

Словакияда бюджет тапшылығы бірден бір жарым есе өсті Фото: SlovakExpat

Словакия мемлекеттік бюджетінің тапшылығы сәуір айының соңында 58,6%-ға өсіп, жылдық мәнде 2,19 млрд еуроны құрады. Бұл туралы Республиканың Қаржы министрлігінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Соңғы кездері Словакияның кірісінен шығыны көбейді. Мысалы, Еуропалық қаражатты тарту аясында шығындар өсті. 

Дегенмен Словакияның мемлекеттік Бюджет туралы заңында тапшылық мәні 8,34 млрд еуроға дейін қарастырылғанын ескеру керек. 

Бюджет тапшылығының ұлғаюының негізгі себептерінің бірі ретінде энергия көздерінің бағасының өсуіне байланысты 3,5 миллиард еуро резервті қор құрылғаны айтылады.

Словакия Ресеймен сауда-экономикалық қатынастарға, әсіресе, ресейлік көмірсутектерді жеткізуде тәуелді. Соған қарамастан Братислава Брюссельдің Ресейге қарсы санкция саясатын қолдайды. 

Салдарынан Словакия экономикасы дағдарыстың лебін бірден сезінді. Республика Үкіметі осы жылы ЖІӨ-нің 6,44% мөлшерінде бюджет тапшылығы болатынын болжап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу