Словакияда 5 қазаннан бастап НАТО-ның көпұлтты жауынгерлік тобы ресми түрде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бұдан бұрын өткен "Сильная сплоченность - 2022" жаттығуларына Чехия, Германия, Словакия, Словения мен АҚШ әскери қызметшілері қатысты, олар жауынгерлік топтың функционалдығын және оның бірыңғай қолбасшылықта бірлесіп жұмыс істеу қабілетін тексеруге бағытталған. Оқу-жаттығу соңында әр қатысушы елден келген өкілдер тобы Словакиядағы НАТО-ның жауынгерлік тактикалық тобының тағайындау бойынша тапсырмаларды орындауға дайын екендігін жариялады.
Нәтижесінде Болгария, Венгрия, Румыния және Словакияда төрт жаңа көпұлтты жауынгерлік топ құру туралы шешім қабылданды.