Словакияда үкіметке қарсы толқулар өтті

144

Шеруге шыққандар мәдениет министрінің отставкасын талап етті. 

Словакияда үкіметке қарсы толқулар өтті Фото: DW

Словакия астанасы Братиславада мыңдаған адам премьер-министр Роберт Фицо мен мәдениет министрі Мартина Шимковичоваға қарсы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұйымдастырушылар наразылық толқуларына 18 мыңға жуық адам қатысты деп отыр. Жергілікті тұрғындар мәдениет министрінің отставкасын талап етті.

Наразылықтардың басталуына министр Мартина Шимковичованың елдегі Ұлттық театрдың бас директоры Матей Дрличка мен Ұлттық галереяның жетекшісі Александру Кусуды жұмыстан шығаруы себеп.

Мартина Шимковичова мәдениет министрі қызметіне 2023 жылдың қазан айында келді. 

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, наразылық акциясын оппозициялық либералды партиялар ұйымдастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу