Словакияда жаңа газ кен орны табылды

409

Словакияның батысында жаңа газ кен орны табылды.  

Словакияда жаңа газ кен орны табылды Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы NAFTA Мұнай және газ кен орындарын игерумен айналысатын компания басшылығының өкілі Йозеф Левоча хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Трнава қаласында біз газ кен орнын таптық, оның көлемі жылдық тұтынудың шамамен 10%-ын құрайды. Онда біз 14 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, бірақ әлі бастаған жоқпыз, өйткені жергілікті белсенділердің әрекеттері біздің жұмысымызға тосқауыл болып тұр", - деді ол.

Оның айтуынша, компания бастапқыда кен орнын игеруді 2019 жылы бастауды жоспарлаған, бірақ жергілікті тұрғындардың бұл бастамаға деген теріс көзқарасына байланысты жұмыстар бірден тоқтатылды.

Словакияда жыл сайын газ тұтыну шамамен 5 миллиард текше метрді құрайды. Бұрын республикаға "көгілдір отынның" барлық көлемі Ресейден келетін. Республиканың өз газ кен орындары бар, бірақ олардың көлемі өте аз. Жақында Братислава ресейлік көмірсутектерге тәуелділіктен толықтай арылғысы келетіндіктерін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу