Словакияда өтіп жатқан биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында эстафета додасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының намысын Евгения Красикова, Людмила Ахатова және Надежда Пивоварова қорғаған болатын. Олар 23 команданың ішінен 14-ші орын иеленді.
Бұл бәсекеде Франция командасы топ жарып, Германия мен Швеция спортшылары тиісінше күміс және қола жүлдегер атанды.
Жасөспірім ерлер арасындағы сында қазақстандықтар мәреге 15-ші болып келді. Қазақстан атынан Роман Еремин, Ильдар Хамитов, Александр Мухин, Данил Белецкий жарыс жолына шыққан болатын.
Ерлер арасында Ресей құрамасына тең келер ешкім болған жоқ. Германия күміс, Италия қола жүлдегер қатарында.