Словения да Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде танымақ

190

Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі X (бұрынғы Twitter) желісіндегі ресми парақшасында жазды. 

Словения да Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде танымақ Фото: bostonglobe.com

Словения үкіметі Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде тануға шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бүгін Словения үкіметі Палестинаның тәуелсіздігі мен егемендігін тануға шешім қабылдады және оны Ұлттық ассамблеяға ұсынды, – делінген хабарламада.

Шешімді парламенттің төменгі палатасы 4 маусымда қарайды деп күтілуде.

Дүйсенбі күні Словенияның премьер-министрі Роберт Голоб Палестинаны тану мәселесін қарастыру шешімін жариялады. Ол бұл ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жауапты мүшесі ретінде Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндетті екенін атап өтті.

22 мамырда Ирландия, Испания және Норвегия билігі Палестина мемлекеттілігін мойындау туралы шешімін жариялады. Жауап ретінде Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац Дублин, Мадрид және Ослодағы елшілерді консультациялар үшін шақыртып алғанын .
хабарлады.

Бұл ретте Ирландия, Испания және Норвегия дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары еврей мемлекетінің Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, онда демарш жарияланды.

Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель мамыр айының соңына дейін Палестинаны Еуроодақтың бірнеше елдері мойындайтынын айтты.

Осы уақытқа дейін Еуропа мемлекеттерінің ішінде оның тәуелсіздігін Болгария, Венгрия, Кипр, Мальта, Польша, Румыния, Словакия, Чехия, Швеция мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу