Словенияда алғаш рет әйел президент болып сайланды

918

Сайлауда Наташа Пирц Мусар жеңіске жетті.

Словенияда алғаш рет әйел президент болып сайланды Фото: Jure Makovec

Тәуелсіз кандидат Наташа Пирц Мусар жексенбіде Словенияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында көш бастап келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

Бюллетеньдердің көп бөлігі саналды, нәтижесінде Пирц Мусар халық дауысының 54%-ын жинады. Оның сайлаудағы қарсыласы, Словения демократиялық партиясының өкілі Анже Логарға сайлаушылардың 46% дауыс берді.

Логар өзінің жеңілгенін мойындады. Осылайша, Пирц Мусар - Словения тарихында алғашқы әйел президент.

Словениядағы президенттік сайлаудың алғашқы туры 23 қазанда өтті. Оның қорытындысы бойынша, Логан сайлаушылардың 33,96% дауысын алды, ал Пирц Мусар 26,87% дауыс жинады.

Жаңа мемлекет басшысы 23 желтоқсанда Словенияның қазіргі президенті Борут Пахордың бес жылдық қызмет мерзімі аяқталғанда ресми түрде билікке келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу