Словенияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

1457

Словенияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Шараға Словения сыртқы саясат ведомствосының өкілдері, Марибор қаласының басшылығы, іскерлік және мәдени орта, консулдық корпус пен БАҚ өкілдері қатысты.

Австрия мен Словениядағы Қазақстан елшісі Қайрат Сарыбай Құрметті консул Горазд Шифрерге консулдық патент тапсырып, оның екі ел арасындағы байланыстың нығаюына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Қазақстандық дипломат екіжақты қатынастардың келешегі туралы айта отырып, Қазақстанның Словениямен түрлі салаларда өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп отырғанын мәлімдеді.

Словения Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия департаментінің басшысы Андрея Пукарт Мартинец Марибор қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуын құптап, өз елінің Қазақстанмен серіктестік байланысты тереңдетуге мүдделі екенін айтты.

Танымал заңгер әрі қоғам қайраткері Г. Шифрер екі ел арасындағы достық байланысты нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті.

ҚР СІМ-нің хабарлауынша, Құрметті консулдықтың ашылуы аясында Марибор қаласы университетінің кітапханасында қазақстандық суретшілердің өнер туындылары көрмесі және Еуропа елдері консерваторияларында дәріс алып жатқан Қазақстанның жас музыканттарының өнер көрсету шарасы өтті.

primeminister.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу