Жарты жылда сауда заңнамасын бұзған 2 228 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Жыл басынан бері Сауда комитетінің өңірлердегі департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде 2 228 әкімшілік қаулы қабылданып, 381 сауда субъектісіне айыппұл салынса, құқық бұзушылықты алғаш жасаған кәсіпкерлік субъектілеріне 1 847 ескерту берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік бақылау нәтижелерінің көрсеткіші 2 еседен астам өсті", — делінген хабарламада.
Заң бұзушылықтың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бабы бойынша байқалып отыр. Бірі — ӘМАТ тауарларына сауда үстемін арттыру (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы), екіншісі — баға белгілерінің болмауы немесе әртүрлі бағаларды қолдану (ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-тармағы).
"Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматы қаласындағы республика көлемінде бірнеше филиалы бар "SMALL" және "METRO" ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі аса ірі премиум-класстағы "Esentai Gourmet" гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.