"Smart Astana" мобильдік қосымшасында "әкімге қоңырау шалу" функцияcы жоқ

1001

"Smart Astana" мобильдік қосымшасында "әкімге қоңырау шалу" функцияcы жоқ

Астана әкімдігі "Smart Astana" қосымшасының жаңартылған нұсқасына қатысты жалған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінде. 

2017 жылдың 4 маусым күні "Астана Innovations" АҚ баспасөз қызметі атынан әлеуметтік желілерде фейк акаунттармен және БАҚ арқылы белгісіз біреулер жалған ақпарат таратқан. 

Хабарламада "Қазақстандық IT- саласында жойқын жаңалық", "Smart Astana" мобильдік қосымшасының жаңартылған нұсқасында "әкімге қоңырау шалу" функцияcы пайда болды, бұл қосымшаны 1 шілдеден бастап жүктеп алу мүмкін болады, — делінген хабарламада. Астана қаласының әкімдігі мен "Астана Innovations" АҚ ресми түрде бұл ақпаратты жоққа шығарады, таралған ақпар шындыққа жанаспайды. "Астана Innovations" АҚ тарапынан ресми ақпарат тек корпоративті электронды пошта арқылы таратылады. "Астана Innovations" АҚ баспасөз қызметінің корпоративті электронды поштасы – press@ain.kz. 

Компания мамандары мобильдік қосымшаның жаңартылған нұсқасы шын мәнісінде 2017 жылдың 2 маусымында іске қосылғанын айтады, онда елорда басшылығының қабылдауына жазылу функциясы қолжетімді. Мобильдік қосымшаның ресми тұсаукесері 2017 жылдың 8 маусымында баспасөз мәслихаты аясында өтеді. Баспасөз мәслихатының қашан, қай жерде өтетіні туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қосымша хабарлайтын болады. "Smart Astana" мобильдік қосымшасына қатысты барлық ақпараталдағы пресс-конференцияда айтылады.

Қазіргі уақытта ҚР АКМ ақпарат және байланыс комитеті мен елордалық ІІД зерттеу жүргізіп, құқық бұзушылықтың себептері мен алда қолданылатын тиісті шаралар анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу