Бұл туралы Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Деректер – жасанды интеллект дамуының негізгі элементтерінің бірі. Өздеріңіз білетіндей, бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылуда. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы мемлекеттік органдардың деректерін Smart Data Ukimet жинайды. Smart Data Ukimet-ке жаңартылып тұратын 93 деректер базасы қосылған", - деді Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.
Айтуынша, жинақталған Smart Data Ukimet деректері үлкен деректерді терең талдауға және соған негізделген шешімдер қабылдауға кең мүмкіндіктер ашады