Smart Data Ukimet жобасы экономикалық тиімділігін көрсетті

1025

Дербес деректерді қорғайтын уәкілетті орган анықталады.  

Smart Data Ukimet жобасы экономикалық тиімділігін көрсетті

Сенатта "Цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы" заң қабылданды.

"Заң жобасы цифрландыру процесін одан әрі дамытуға серпін береді", – деді цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, цифрландыру нәтижесінде талдауды қажет ететін үлкен деректер қоры қалыптасты. Осыған байланысты big data талдау механизмін қалыптастыруға басымдық берілді. Осылайша Smart Data Ukimet жобасы қолға алынып, экономикалық көрсеткіштерді талдау арқылы тиімді үкіметтік шешім қабылдауға мүмкіндік берілді. 

"2018-2019 жылдары Smart Data Ukimet жобасы аясында қаржы, білім беру, әлеуметтік және денсаулық сақтау салалары 187 млрд теңге шамасында экономикалық әсер берді", – деді Асқар Жұмағалиев.

Ол болашақта барлық құжат айналымы электронды форматқа көшірілетініне тоқталды. 

"Бұл мәселені шешу үшін цифрлық құжаттар сервисін енгізу ұсынылды.  Аталған сервис "Мобильді үкімет" қосымшасына орнатылады", – деді Асқар Жұмағалиев.

Министр азаматтардың дербес деректерін қорғау үшін уәкілетті орган  анықталатынын және "Ерікті киберсақтандыру" қызметі енгізілетінін жариялады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу