Смартфон арқылы алатын мемлекеттік қызмет саны 6 есеге өсті

458

Биыл мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электрондық нұсқада көрсетілген. 

Смартфон арқылы алатын мемлекеттік қызмет саны 6 есеге өсті Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Былтырғыға қарағанда тек смартфон арқылы алатын қызметтердің саны 6 есеге артты. Kaspi, Halyk сияқты танымал қосымшаларда 50-ден астам қызмет көрсетіледі. Оларды саны 33 млн-ға жетіп, 3 есе өсті", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Бағдат Мусиннің айтуынша, министрлік проактивтік қызметтерді дамытуға да мән беріп отыр. 

"Олардың түрі 40-қа жетіп, саны 2 млн-нан асты. Биометриялық растау және QR-мен қол қою арқылы электрондық қызметті алуды одан сайын жеңілдеттік. БҰҰ рейтингісі бойынша онлайн-сервис көрсету жағынан еліміз дүние жүзінде 8-орында. "Электрондық үкіметті" дамыту бойынша 28- орында тұрмыз", - деп атап өтті Цифрлық даму министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу