Смартфон шығаратын компания банкротқа ұшырады

906

Смартфон шығаратын компания банкротқа ұшырады

Британдық Vertu компаниясы ең қымбат смартфондар шығаратын бренд саналады. Аталған компанияның басшылары несие берушілермен келісімге келе алмады. Компанияның қарызы 128 миллион фунт стерлингті құрайды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Компания Ұлыбританиядағы фабрикасын жабуға мәжбүр. Демек, 200-ге жуық адам жұмыссыз қалады деген сөз.

Фабрика жабылғанымен, Vertu брендін, технологиясын, дизайнын және лицензияларын сақтап қалуға ниетті.

Компания басшысы Хакан Узан болашақта компанияны қайта қалпына келтіремін дейді.

Vertu компаниясын Baferton наурыз айында ғана сатып алған болатын. Соңғы бес жылдықта компания басшылығы үшінші рет ауысып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу