Смартфон жеткізу екі мың есе артқан – Қазақстаннан Ресейге электроника көп сатыла бастады

788

Биыл алты айда Қазақстаннан Ресейге ұялы телефон экспорты, былтырғы жылдың бастапқы алты айымен салыстырғанда, екі мың есе өсті.

Смартфон жеткізу екі мың есе артқан – Қазақстаннан Ресейге электроника көп сатыла бастады

Сандық мәнде 560 данадан 183,6 мың смартфонға дейін (328 есе) өсті. Бұл деректер Қазақстанның Ұлттық статистика бюросында бар, деп жазады inbusiness.kz тілшісі RTVI басылымына сілтеме беріп.

Айта кетейік, Apple және Samsung, Ресейдің Украинаға шабуылдауына байланысты, наурыздан бастап Ресейге өз өнімдерін жеткізуді тоқтатқан. Кейіннен Ресей үкіметі бұл брендтерді "параллель" импорт бойынша әкелуге рұқсат етілген тауарлар тізіміне енгізді.

Смартфондардан басқа, Қазақстан бірінші жартыжылдықта Ресейге процессорлар мен контроллерлерді жеткізуді күрт арттырды – олар 121 есе, 2021 жылғы $16 мыңнан 2022 жылы $1,7 млн-ға дейін өсті.

Сонымен қатар Қазақстан алғаш рет Ресейге smart-карталарды – банк карталарын басып шығару үшін жиі қолданылатын микросхемасы бар пластикалық карталарды жеткізуді бастады. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан Ресейге $219 мың сомасына 387 мыңнан астам smart-карта жеткізілді, ал былтыр, ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, осы санаттағы тауарлар елден Ресейге мүлде шығарылмаған.

Дегенмен АҚШ пен ЕО Ресейге тұтынушылық электроника мен тұрмыстық техниканы жеткізуге толығымен тыйым салған жоқ – Батыс өндірушілерінің көпшілігі Ресейдегі бизнесін өз бастамасы бойынша тоқтатты, сондықтан олардың өнімдерін Қазақстаннан Ресейге жеткізу "параллель" импорт болып табылады.

Қазақстан билігі бұған дейін Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектеспейтіндерін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу