Тиісті заң қабылданған соң, смартфоныңызға ең керек деген 11 құжаттың цифрлы баламасын жүктеп, керек жерде қолдануға мүмкіндік туады, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл туралы еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты. Енді нақты қандай құжаттар телефонда болады, соған тоқталсақ: төлқұжат, жүргізуші куәлігі, студенттік билет, Көліктің техпаспорты, әскери билет, диплом, қаруды пайдалануға берілген рұқсат, зейнеткер куәлігі, аңшылық билет, мүгедектігі туралы куәлік, жылжымайтын мүліктің техпаспорты. Асқар Жұмағалиевті айтуынша, ведомствоаралық комиссияның жақын уақытта өтетін отырысында бұл процесті жеделдету мәселесі қарастырылады.