Смартфондарды тіркеудің жаңа ережесі: құрылғылардың қымбаттауына әсер ете ме

139

Ведомство ақпаратына қарағанда, бұл шаралар азаматтарға заңды әрі сапалы құрылғыларды сенімді сатып алуға мүмкіндік береді.

Смартфондарды тіркеудің жаңа ережесі: құрылғылардың қымбаттауына әсер ете ме Фото: hardwareluxx.ru

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі смартфондарды тіркеудің жаңа ережесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

– Жаңа ережелер ұялы телефондарды заңсыз әкелуге және көлеңкелі нарықтың үлесін азайтуға бағытталған. Негізгі мақсат – тұтынушылардың құқығын қорғау, байланыс құрылғыларының қауіпсіздігін арттыру және алаяқтықпен күресу, – делінген министрліктің берген жауабында.

Сонымен қатар, бизнес үшін ашық әрі әділ бәсекелестік жағдайлары жасалып, нарықтың дамуына оң әсер етеді. Ал мемлекет заңсыз телефондардың айналымын азайтып, импортты бақылауды күшейту арқылы алаяқтық деңгейін төмендетеді.

Сонымен қатар, Цифрлық даму министрлігі "бұл шешім елімізде смартфондардың күрт қымбаттауына әкелмей ме?" деген сұраққа жауап берді.

– Бағаға келетін болсақ, енгізілген жаңа ережелер, жоғарыда атап өткендей, Қазақстан аумағына кіретін абоненттік құрылғылардың заңсыз әкелінуі мен таралуына қарсы күресуге бағытталған. Бұл абонеттік құрылғылардың қымбаттауына әсер ететін фактор саналмайды, – деп жауап берді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу