Сметов пен Серікжанов олимпиадалық рейтингте үздік бестікке енді

1019

Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ереже бойынша, Олимпиада ойындарына өз салмағында үздік 18 спортшының қатарына енген дзюдошылар ғана қатыса алады. 

Сметов пен Серікжанов олимпиадалық рейтингте үздік бестікке енді

Халықаралық дзюдо федерациясы жыл соңында олимпиадалық рейтингті жаңартты. Қазақстандық балуандар Олимпиада қарсаңында ұпай жинауды одан әрі жалғастырмақ деп жазады Olympic.kz. 

Отандық дзюдошылар арасынан рейтингте жоғары орында тұрған екі спортшы бар. Олар – Елдос Сметов (60 келі) пен Ерлан Серікжанов (66 келі). 

Сметов өз салмағындағы олимпиадалық рейтингте 5 - орында тұр. 66 келідегі Ерлан Серікжанов та үздік бестікке енген. 

Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) 11-ші, Елдос Жұмақанов (66 келі) 15-ші, Жансай Смағұлов (73 келі) 11-ші, Дидар Хамза (81 келі) 10-шы, Ислам Бозбаев (90 келі) 10-шы, Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) 23-ші орында. 

Еске сала кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ереже бойынша, Олимпиада ойындарына өз салмағында үздік 18 спортшының қатарына енген дзюдошылар ғана қатыса алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу