СNBC: Илон Маск сотқа шақырылды

509

Бұл туралы дүйсенбіде СNBC телекомпаниясы құжатқа сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

СNBC: Илон Маск сотқа шақырылды Фото: eadaily.com

Америкалық Виргин аралдарының билігі кәмелетке толмағандарды жыныстық қанауды ұйымдастыруға қаржыгер Джеффри Эпштейнге көмектесті деп айыпталған АҚШ-тың ең ірі банктерінің бірі JP Morgan Chase-ке қатысты сот отырысына Илон Маскқа шақырту қағазын жіберді. 

Эпштейн банкпен қарым-қатынас кезінде кәсіпкер атын жамылып не оған сілтеме жасауы мүмкін болғандықтан сот Маскты шақыруды жөн көрді.

Арал билігі өз өтінішінде кәсіпкердің өзімен және оның өкілдерінің бірімен байланысуға тырысқандарын, бірақ сол күйі жауап алмағанын айтты.

Өткен жылдың соңында америкалық Виргин аралдарының прокурорлары Манхэттен сотына JP Morgan Chase-ке қарсы шағым түсірді. Сәуір айында The Wall Street Journal бұл іс бойынша ұқсас шақыру қағаздары Google компаниясының негізін қалаушы Сергей Бринге, Hyatt қонақүйлер желісінің тең төрағасы Томас Прицкерге, медиа магнат Мортимер Цукерманға және инвестор Майкл Овицке жіберілгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу