"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытындағы өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 5 млн теңгеден беріледі

482

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов айтты.  

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытындағы өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 5 млн теңгеден беріледі Фото: google.com

Төтенше жағдайлар департаментінде мемлекеттік инспекция жұмыс істеп жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп жазады inbusiness.kz.

Өңір басшысының сөзінше, оқиғаның мән-жайын тексеру нәтижелері әзірге белгісіз.

"Төрт жұмысшы Ақтөбеге жеткізілді. Содан соң үшеуі Астанаға жіберілді, себебі олардың жағдайы ауыр болды. Екі жұмысшы қайтыс болды. Олардың денесі ауылдарына жеткізілді. Екеуі де жерленді. Бұл өте ауыр жағдай", - деді ол.

Ералы Тоғжанов қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына 5 млн теңгеден төленетінін айтты. 

"Егер де олардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, балалары жоғары оқу орындарында оқыса, онда оларға да мемлекеттен төлем қарастырылған. Барлық көмек заң аясында көзделген", - деп қорытындылады облыс әкімі.

Еске салайық, мамыр айының басында Ақтөбе облысындағы Жаңажол кен орнында өрт шыққан болатын. Салдарынан 4 жұмысшы зардап шегіп, екеуі қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу