"СНЮС" деп аталатын құрамында никотині бар тауарды сатуға шектеу қойылды

3635

Бұл жайында бас санитар Жандарбек Бекшин мәлімдеді.  

 "СНЮС" деп аталатын құрамында никотині бар тауарды сатуға шектеу қойылды

Елімізде снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Atameken Business.   

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгіннен бастап құрамында нормадан көп никотины бар кез-келген тауарды пайдалануға, таратуға уақытша шектеу қойылды. Оған себеп Солтүстік Қазақстанда болған жағдай. Ата-ана баласының аталмыш тауарға әуесқойлығын байқап, шағым түсірген. Айта кетсем, түтінді шылымда 1,5 милиграм никотин болса, снюстың құрамында оның мөлшері 250 милиграмға дейін бары анықталған. Бұл мөлшерден 100 есе көп. Өнім Қазақстанға көбінесе Ресей, Швеция, Үндістан сынды мемлекттерден тасымалданады. Сондай-ақ интернет желісінде, кюаркод арқылы, киви-әмиянмен тапсырыс беруге болады. Алайда нақты қандай компаниялар өндіретіні, кімдер сататыны әзірге белгісіз. Жауапты ведомство өкілі алдағы уақытта анықтайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу