Мәскеуде қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізілуде, жолдарда қосымша бақылау енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәскеу әкімі Сергей Собянин Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Келіп түскен ақпаратқа байланысты Мәскеуде қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Жолдарда қосымша бақылау енгізілді. Бұқаралық іс-шараларды өткізу шектелуі мүмкін. Қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұраймын", — делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу