Сочиде құлаған Ту-154 ұшағының негізгі бөлшектерін түгендеу басталады

973

Сочиде құлаған Ту-154 ұшағының негізгі бөлшектерін түгендеу басталады

Апатқа ұшыраған Ресейдің қорғаныс министрлігіне тиесілі Ту-154 ұшағының негізгі бөлшектері судан шығарылды, деп хабарлайды күштік құрылымдардағы дереккөзге сілтеме жасаған РИА Новости.

"Негізгі бөлшектер арнайы алаңда тұр. Мамандар енді құлаған әуе кемесінің қаңқасын қалауға кіріседі", – деп агенттікке мәлімдеген ол  іздеу-құтқару операциясының негізгі кезеңі аяқталғанын айтты.

Іздеу тобы әуе апатында құрбан болған 19 адамның мәйітін жағаға шығарды.

"Олардың 17-сі және дене бөлшектері  анықтап, генетикалық сараптама жасау үшін арнайы рейспен Мәскеуге жеткізілді", – деді дереккөз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу