Сочидегі Олимпиадада Қазақстан туын ұстаған Ахмадиев төрт жылға спорттан шеттетілді

881

Сочидегі Олимпиадада Қазақстан туын ұстаған Ахмадиев төрт жылға спорттан шеттетілді

Допингке қарсы ұлттық орталық сайтында тыйым салынған субстанция пайдаланған спортшылардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.
2018 жылы допинг тестінен: 33 жастағы шаңғышы Ердос Ахмадиев (қанынан 2016 жылы WADA тыйым салған мельдоний табылды), 23 жастағы Софья Емельянова (анаболикалық стероид анықталды), 22 жастағы ауыр атлетші Гүлназ Шамиева және 27 жастағы биатлонистшы Анна Кистанова (тест зәр айдайтын препарат қолданғанын көрсеткен) өте алмады. 
Ахмадиев 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиадада ту ұстап шыққанын айта кетейік. 2017 жылы спортшы Саппорода өткен Азия ойындарына қатысты. Осылайша қазақстандық спортшы  2018 жылдың 25 қаңтарынан 2022 жылдың 24 қаңтарына дейін спорттан шеттетілді. 
Қан құрамамынан "сибутрамин" және "тестостерон" анықталған Шамиева (9.02.2018 - 8.02.2022) және оралтуринабол үшін Емельянова (7.02.2018 - 6.02.2022) да әр қайсысы төрт жылға шеттетілді 
Кистанованың 2017 жылғы Қазақстан чемпионаты кезінде тапсырған сынамасы спортшының допинг барын көрсеткен. Шетету мерзімі екі жыл (23.10.2017 - 22.10. 2019).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу