Социалистік еңбек ері Кәмшат Дөненбаева Жаңа жыл қарсаңында марапатқа ие болды

4291

Социалистік еңбек ері Кәмшат Дөненбаева Жаңа жыл қарсаңында марапатқа ие болды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына  және Қостанай облысының құрылғанына  80 жыл толуына арналған медальдарды табыс етті, деп жазады alau.kz.

Еңбек Еріне марапатты табыс ету салтанатына  "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иелері Сайран Бұқанов, Борис Князев және Алмат Тұрсынов қатысты

"Мен әлі де "қызыл" төрағамын, – деп қалжыңдайды "Алтынсарин" ЖШС директоры Борис Князев, – ауыл шаруашылығымен кеңес дәуірінен бері айналысып келемін.  Біз үшеуміз де – диқанбыз, сіз, Кәмшат Байғазықызы бізге қашан да үлгі болдыңыз.  Біз сізге қарап бой түзедік".

Жуырда ғана жаңа үйге қоныстанған Кәмшат Дөненбаеваға медальмен қатар бір миллион теңге сыйлық та берілді.

"Еңбек ері болу – үлкен жауапкершілік.  Оны естен шығармай,  соған лайық болуға тиіссің.  Сіздер халық алдында адал болуларыңыз керек. Өздеріңіздің, барша диқанның еңбегін бағалай біліңіздер. Бүгінгі атқарылып жатқан жұмыс – Қазақстанның болашағына қосқан үлес", – деп атап өтті Кәмшат Дөненбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу