Содырлар Аллепоны тастап шықты

783

Содырлар Аллепоны тастап шықты

Содырлар арнайы белгіленген жолмен Алеппоның солтүстік-шығысындағы ескі аудандардан  қаланың оңтүстігіне қарай кетті, деп жазады "КоммерсантЪ".

Сирия әскері сол жақта қалған бейбіт тұрғындардың өмірі мен инфрақұрылымды сақтап қалу үшін  оларға өтетін дәліз ұсынуға келісті.

Ал жасақ өкіліне сілтеме жасаған "РИА Новости" агенттігі болса, сириялық әскер өзімен одақтас жасақтың көмегімен содырларды қаланың тарихи орталығынан қуып шыққанын хабарлады.

"Қарулы қарақшылық топтардың қалғаны Алеппоның ескі ауданынан шығарылды. Қарсыластың талқаны шығып, лаңкестер әлі де бекініп отырған оңтүстік аудандарға қашып барады". – деп келтіреді агенттік дереккөздің айтқан сөзін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу