Софья Берульцева мен Нұрқанат Әжіқанов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1142

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэдан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Софья Берульцева мен Нұрқанат Әжіқанов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық төрт спортшы жүлдеге таласып, екеуі жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіге дейінгі салмақта әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Берульцева сербиялық Ивана Перовичтен басым түсті.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов қола медаль үшін өткен жекпе-жекте бельгиялық қарсыласын жеңіп, әлем үздіктерінің қатарына енді. Бұл 20 жастағы спортшының ересектер арасындағы ең үлкен жетістігі. 

Өкінішке қарай, 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мөлдір Жаңбырбай украиналық спортшыдан, 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай морокколық қарсыласынан жеңіліп, төртінші орын алды. 

Ертең Қазақстан ерлер командасы қола жүлдеге таласады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу