Сөгіс саяси шешім бе?

704

Сөгіс саяси мансаптың соңы емес, деп хабарлайды Atameken Business. 

Сөгіс саяси шешім бе?

Тек Қазақстанда солай сияқты. Жалпы президент сынынан кейін жылы орнынан айрылғандар біраз уақыттан соң басқа бір жайлы қызметке отыратыны бар.

Мысалы, елді елең еткізетін әрекеттерімен есте қалған Шымкенттің "экс-зың әкімі" Ғабидолла Әбдірахымовты Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі "сенімнен айрылды" деген мағынада сынап, лауазымынан босатқан. Алайда араға 2 жыл салып премьер-министрдің кеңесшісі болып кеткені ел есінде. Содан соң, даладағы дәретханада 12 жастағы оқушыны зорлағаннан кейін мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қызметінен кеткен Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев та 2 жылдан кейін Жамбыл облысы әкімдігінде басқарма басшысы болып тағайындалды.

Халық қызу талқылаған соң осы шешімі үшін сол кездегі аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев президенттен сөгіс алды. Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс болып 3 адам қаза тауып, мыңдаған адам баспанасыз қалған кезде қатаң сөгіс алған экс-қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев болса, 17 адамның өмірін қиған Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін ғана лауазымынан айрылған. Оның орнына келген Мұрат Бектанов биылғы қаңтар қырғыны кезінде "тиісті қолбасшылық шешім қабылдай алмағаны үшін" сөгіс алып, артынша жауапқа тартылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу