Соғыс ардагеріне теңестірілген қарттарға 120 мың теңгеден берілді

1061

Соғыс ардагеріне теңестірілген қарттарға 120 мың теңгеден берілді

Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Ахметов Зырян қаласында тұратын екі ардагерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, 560 мың теңгенің сертификаттары мен лэд-экранды теледидар табыс етті, деп хабарлайды altaynews.kz.

93 жастағы Анна Савычкина соғысқа медбике ретінде қатысқанын айтады.

"Көзімізді ашқалы еңбек етіп келеміз. Əлі күнге дейін кір-қоңымды өзім жуып аламын. Немерелерімді де солай үйреткенбіз. Ал мемлекет берген 500 мың теңгені өз керегіме жұмсаймын. Қазіргі жастар еңбекқор. Көшеде көрсе, жасымды сыйлап жатады сондықтан, оларды сынай беруге болмайды" — деді ардагер.

Дəл осындай құрмет майдангер Николай Станскихке де көрсетілді.

"Жуықта ғана теледидарымыз істен шыққан еді. Сіздің бұл сыйыңыз бізге шынымен үлкен қуаныш əкелді" — деді ардагердің жұбайы.

Зырян ауданы əкімінің орынбасары Жанна Асқарованың айтуынша, ауданда  21 ардагер, 61 тыл еңбеккері бар.

"Соғыс ардагеріне теңестірілген қарттарға 120 мың теңгеден өтемақы берілген. Өзге тыл еңбеккерлері де ескерусіз қалмайды. Ол үшін аудан бюджетінен 733 мың теңге бөлдік" — дейді Жанна Асқарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу