Соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

215

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай еліміздің 5 өңірінде, атап айтсақ Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді.  

Соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі Фото: gov.kz

Ал қалған өңірлерде сәуірдің соңына дейін беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ тыл ардагерлері мен жеңіске жетуге үлес қосқан басқа да азаматтарға 50 мың теңгеден қарастырылып отыр. Бұл туралы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің пленумында айтылды. Жиында Жеңіс күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Ресми мәлімет бойынша елімізде 100-ден аз ғана асатын соғыс ардагері, 40 848 тыл ардагері бар екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу