Соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалардың мәртебесі белгіленеді

2074

ҰОС ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Мәжілісінің жалпы отырысында "Ардагерлер туралы" заң жобасы талқыланды. 

Соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалардың мәртебесі белгіленеді

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова құжат Отан алдындағы әскери және азаматтық борышын өтеген тұлғалардың құқығы мен әлеуметтік мүддесін қорғауды көздейтінін баяндады. 

"Заң жобасында ҰОС ардагерлерінің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалардың мәртебесін белгілеу қарастырылған", – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның сөзінше, комитет 2020 жылдың 24 маусымына дейін заң жобасы аясында қорытынды ұсына алады. 

"Заң жобасы негізінде өзге елдердің аумағында жауынгерлік қимыл атқарған ардагерлер мен Қазақстан Республикасының бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындаған әскери қызметшілерді жеке санатқа бөлу ұсынылады. Бұған қоса ардагерлер үшін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шаралары қарастырылады, – деді комитет төрағасы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу