"Соғыс сандалтты": Еуропадағы украин босқындарының саны рекордтық көрсеткішке жетті

Мұндай статистикалық мәліметті Eurostat агенттігі мысалға келтіріп отыр.  

"Соғыс сандалтты": Еуропадағы украин босқындарының саны рекордтық көрсеткішке жетті Фото: ukr.net

Еуропалық Одақ елдері 2025 жылдың қыркүйегінде Украинадан келген азаматтарға уақытша қорғаныс беру туралы 80 мыңға жуық жаңа шешім қабылдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аталған көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда 49%-ға жоғары және 2023 жылдың тамызынан бергі ең жоғары деңгейді көрсеткен. 

Әлбетте, миграцияның артуы Украина билігінің 18-22 жас аралығындағы ер азаматтарға елден шығуға уақытша рұқсат беруімен байланысты болды. Сол себепті қыркүйекте Украинадан кеткен ерлердің үлесі (47%) алғаш рет әйелдерден асып кетті. Әйелдер үлесі 31% болса, кәмелетке толмағандар 22%-ды құрады. 
Осы кезде ЕО аумағында 4,3 миллион украин азаматы уақытша қорғаныс мәртебесіне ие болған. 

Босқындардың көбі Германияға (1,2 миллионнан аса адам, жалпы санның – 28,3%-ы) тұрақтаған. Одан кейінгі орында Польша (1 миллион, 23,5%) және Чехия (шамамен 400 мың, 9%) тұр. 

Сарапшылар бұл тенденцияны Украинадағы соғыс жағдайының ұзаққа созылғанымен байланыстырады. Мұнан бөлек, жастар арасындағы қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылыққа деген алаңдаушылықтың күшейгенін де байқатса керек-ті. 

Айта кетейік, Еуропалық Одақ 2022 жылдан бері Украина азаматтарына "уақытша қорғау директивасы" аясында тұруға, еңбек етуге және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беруде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу