Соғыстан келтірілген Украинаның шығыны 700 миллиард доллардан асты

543

Украина Премьер-Министрі Денис Шмыгаль Ресеймен толыққанды соғыс басталғалы бері елдің шығындарының есебін жариялады. 

Соғыстан келтірілген Украинаның шығыны 700 миллиард доллардан асты Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Ресейдің Украинаға қарсы бастаған толыққанды соғысынан туындаған шығындар 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 700 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Украина премьер-Министрі Денис Шмыгаль мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біздің инфрақұрылымға жасалған соңғы шабуылдарды ескерсек, бүгінде бұл сома 700 миллиард доллардан асады", – деді Шмыгаль Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, маусым айының басында бұл көрсеткіш 350 миллиард долларды құраған.

Шмыгаль ел Үкіметі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Украинаның қажеттіліктерін өтеу үшін кезекті тексеруді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу