Әлемде 6 жастан 15 жасқа дейінгі 25 млн-нан аса бала қарулы қақтығыстың кесірінен білім алу мүмкіндігінен айырылған, деп хабарлайды islam.kz.
Қазіргі уақытта әлемнің 22 мемлекеті соғыстан зардап шегіп отыр. Бұл жайында балалар құқығын қорғайтын ЮНИСЕФ сарапшылары мәлім етті. Олар тұтас бір ұрпақтың білімсіз қалатынына алаңдап, дабыл қақты.
Білім алмаған бала ертең еліне, қоғамға, адамзаттың дамуына қалай үлес қосады? Ұйымның дерегіне сүйенсек, қарулы қақтығыс болған аймақтарда орташа есеппен алғанда, балалардың 22%-ы мектепке бара алмай отыр.
Кей елдерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Мысалы, Оңтүстік Суданда балалардың 72 пайызы мектепке бармайды, ал Чадта 50%, Ауғанстанда 46% білім алу мүмкіндігінен айырылған.