"Сөйлесем жауап бермей, өтірік ұйықтағандай түр жасап жатыр": Үйінді астынан табылған қыз інісінің көз жұмғанын білмей қалған

11291

Құтқарушылар зілзала болғанына үш күн өткен сәтте үйінді астынан қыз баланы тауып алған. Балақай еш тартынбастан, жыламастан құтқарушылармен сөйлесіп, қасында жатқан інісі жайлы айтады, деп жазды inbusiness.kz сайты.

"Сөйлесем жауап бермей, өтірік ұйықтағандай түр жасап жатыр": Үйінді астынан табылған қыз інісінің көз жұмғанын білмей қалған

"Ағатайлар, менің қасымда інім бар. Оны да шығарасыздар ғой?. Бірақ ол менімен әзілдесіп, ойнап жатыр. Сөйлесем жауап бермей, өтірік ұйықтап қалғандай түр жасап жатыр", - деген қыз бала.

Құтқарушылар тақылдап тұрған қыздың сөзіне не деп жауап берерлерін білмей абдырап қалған. Тіпті жүзін бүркемелеп, көзінен еріксіз жас шыққандары да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу